Malim.kz
Қоғам

ҰҚК кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топты ұсталды

• Арман Қайыпхан

2025 жылғы 10 маусымда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Операция барысында 8 қазақстандық азамат ұсталды, олардың екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу мәліметінше, күдіктілердің әрекеті аймақтағы кәсіпкерлік қызметке елеулі кері әсер еткен.

Тінту кезінде ірі көлемде қолма-қол ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қазір бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы (қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Іс материалдарына сәйкес, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сай, тергеудің мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жарияланбайды.

Фото: ҰҚК

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары