Malim.kz
Қоғам

ҰҚК Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы адам кептелісіне қатысты түсініктеме берді

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Еліміздің ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Қапланбек» өткізу бекетінде адамдардың жиналып қалғанына байланысты жағдайға түсініктеме берд, деп хабарлайды Malim.kz.

Шекара қызметінің мәліметінше, мәселе Өзбекстан аумағындағы «Новои» өткізу пунктінде тіркеу жүйесінің уақытша істен шығуына байланысты туындаған. Соның салдарынан бірқатар азамат көрші ел аумағына өтуді күтіп тұр.

Қазақстан тарапынан өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Шекара өкілдері шеңберінде өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Өзбек тарапының мәліметінше, ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмыс қабілетін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізілуде, - деп жазылған Шекара қызметінің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта

Сондай-ақ, Шекара қызметі азаматтарға сапар жоспарлау кезінде аталған жағдайды ескеруді қаперге салып отыр. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары