Абай облысының Үржар ауданында 21 тамыз күні жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі бала шұғыл түрде Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Олардың жағдайының ауыр болуына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалған, деп хабарлайды Malim.kz.
«Екі апта жүргізілген ем-дом нәтижесінде қазіргі уақытта науқастардың жағдайы жақсарды. Олар амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді», - делінген хабарламада.
Фото: ДСМ