Malim.kz
Спорт

Үш алтын: Бокстан Қазақстан құрамасы Әлем кубогінде үздіктер қатарынан көрінді

Сабина Асқарқызы
©instagram.com/aibaruly_/

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен бокстан Әлем кубогінің (World Boxing) алғашқы кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Финалдық бәсекелерде Қазақстан ұлттық құрамасынан төрт боксшы сынға түсіп, соның үшеуі алтын медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында 85 келі салмақта Сұлтанбек Айбарұлы финалға дейін жетіп, шешуші жекпе-жекте бразилиялық Кауэ Белиниді 4:1 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Әйелдер құрамасы да сәтті өнер көрсетті. Виктория Графеева (60 кг) финалда Ребека Сантосқа қарсы кездесуде 4:1 есебімен басым түссе, Валерия Аксенова (80+ кг) мажарстандық Жофия Сираны 5:0 есебімен айқын жеңді.

Ал Аида Әбікейева (60 кг) алтын медаль үшін болған жекпе-жекте өзбекстандық Навбахор Хамидоваға 0:5 есебімен жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Қола жүлдені Диас Молжігітов (80 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг) және Жібек Жарасқызы (80 кг) иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Бірінші орынға Бразилия ие болса (4 алтын, 5 күміс), екінші орынға Қытай тұрақтады (4 алтын, 1 қола).

Айта кетейік, Бразилияда өткен жарысқа Қазақстан құрамасы сапында 16 боксшы (9 ер, 7 әйел) қатысқан.

 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары