Malim.kz
Әлем

Үш кішкентай қызды өлтірген қылмыскерге үкім шықты

Malim Админ

Саутпортта үш қызды өлтірді деп айыпталған ер адам 50 жылдан артық мерзімге  бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.       


Бұған дейін Англияның Саутпорт қаласында би сабағы кезінде үш қызды өлтіріп, тағы 10 адамды жаралаған 18 жастағы Аксель Рудакубана барлық айыпты мойындаған болатын. Ол кем дегенде 52 жылға бас бостандығынан айрылды. 

Судья Джулиан Гус шартты түрде мерзімінен бұрын босатусыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алмайтынын айтты. Өйткені қылмыс жасалған кезде Рудакубана 18-ге толмаған және ол өз кінәсін мойындаған. 

Рудакбуана шілде айында Саутпорт қаласында балаларға шабуыл жасағанда 17 жаста болған. Шамамен 15 минутқа созылған шабуыл кезінде ол 9 жасар Алиса Дасильва Агиарды, 7 жасар Элси Дот Станкомбты және 6 жасар Бебе Кингті өлтіріп, тағы сегіз бала мен екі ересек адамды жаралады.

Қаза тапқан қыздардың біреуі 122, екіншісі 85 жерден жарақат алған. 

Фото: Мерсисайд полициясы

Malim Админ
Автордың басқа материалдары