Malim.kz
Қоғам

Үш облыста республикалық жолдар жабылды

Арман Қайыпхан

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл, Қостанай және Ақмола облыстарында бірнеше республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Malim.kz.

"ҚазАвтоЖол"-дың мәліметінше, мына жолдарда:

• 6 қарашада сағат 18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 Алматы – Ташкент – Термез автожолының 534-593-шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына; 

• 6 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 Жезқазған – Петропавл автожолының 339-377-шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;

• 6 қарашада сағат 19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 Жезқазған – Петропавл автожолының 377-440-шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына  шектеу қойылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары