Malim.kz
Әлем

Үш қазақстандық дипломат Иран аумағынан шығарылды

Айбын Атабай
Istockphoto

Ирандағы Қазақстан дипломатиялық корпусының қызметкерлері Әзербайжанға эвакуацияланды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy мен Report агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, «Астара» мемлекеттік шекаралық өткізу бекеті арқылы Қазақстанның үш дипломаты, сондай-ақ Ресейдің сегіз азаматы эвакуацияланған.

Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжан арқылы Германия мен Испанияның дипломатиялық өкілдіктерінің 19 қызметкері шығарылды. 

Сонымен қатар Таяу Шығыстан бір тәулікте 1,7 мыңнан астам қазақстандық елге оралды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары