Malim.kz
Оқиға

Ұшаққа найзағай түсіп, рейстер кестесі өзгерді

Malim Админ

Табиғи құбылыстан зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.


«Өткен демалыста SCAT әуе компаниясының ұшағына найзағай түсіп зақымданды. Қазіргі уақытта ұшақ кестеден шығарылды. Компанияның инженерлік қызметі бірнеше күнге созылатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты компания осы аптадағы 14 әуе рейсі кестесін өзгертуге мәжбүр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушылардан sms-ескертулерге мән беріп, рейстер кестесін мобильді қосымша арқылы немесе әуе компанияның ресми сайтынан (scat.kz) тексеруді сұрады.

Фото: Zakon.kz 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары