Air Astana әуе компаниясының Алматы – Бангкок бағыты бойынша ұшқан KC931 рейсі техникалық ақауға байланысты Үндістан астанасы Дели әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, бортта 138 жолаушы болған ұшақ Алматыдан түнгі 01:00-де әуеге көтеріліп, жергілікті уақыт бойынша 05:51-де Делиге қонған. Қону штаттық режимде, қауіпсіз түрде жүзеге асқан.
Қазіргі уақытта жолаушыларға тамақ ұсынылып, уақытша визалар рәсімделген. Сондай-ақ оларды қонақүйлерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Air Astana жолаушыларды межелі бағытына жеткізу үшін резервтік әуе кемесін дайындап жатқанын мәлімдеді.