Танымал хит әндердің орындаушысы ADAM (шын есімі – Михаил Клименко) ауыр сырқаттың салдарынан өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Қаралы хабарды марқұмның жары Александра Instagram парақшасында жариялады. Оның айтуынша, 7 желтоқсан күні таңертең 38 жастағы әншінің жүрегі тоқтаған. Қоштасу рәсіміне қатысты ақпарат кейінірек хабарланатыны айтылды.
"Өкінішке қарай, бүгін таңертең Мишаның мейірімді жүрегі тоқтап қалды", – деп жазды Александра Клименко.
Айта кетейік, Михаил Клименко ұзақ уақыт комада жатқан. Ол аса ауыр ауру – туберкулезді менингит диагнозымен ауруханаға түскен. Бұл дерт ми қабықтарын және жүйке жүйесін зақымдайды. Екі айдан аса уақыт бойы ADAM өмір үшін күресті, реанимацияда да жатқан. Өкінішке қарай, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, оның жағдайы жақсармаған.