Malim.kz
Әлем

Вашингтонда ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 64 адам болған

• Malim Админ

АҚШ астанасы Вашингтонда CRJ700 жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, Рейган атындағы әуежайға жақын жердегі өзенге құлады. Бұл жөнінде "Америка дауысына" сілтеме жасап azattyq.org жазды.

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр.

American Airlines әуе компаниясындағы дереккөзге сүйенген Reuters ұшақтың бортында 64 адам болғанын жазды. Зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылып жатыр. Reuters-тің жазуынша, тікұшақ бортында үш әскери қызметкер болған. Олар туралы ақпарат әзірге жарияланбады.

Судан 19 мәйіт шығарылған. Әзірге, тірі қалғандар табылмады,- деп жазды BBC сайты.

АҚШ азаматтық авиациясы федералдық басқармасының хабарлауынша, сәрсенбі күні кешкі сағат 9 шамасында PSA Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы қонуға бет алғанда Sikorsky H-60 тікұшағымен соқтығысқан.

Ұшақ American Airlines рейсін атқарған және Вичита (Канзас) қаласынан Вашингтонға ұшқан.

Фото: pixabay

Malim Админ
Автордың басқа материалдары