Malim.kz
Әлем

Венесуэла: жер сілкінісінің шығыны 20 млрд долларға жуықтады

Айгүл Таңатар
https://www.svoboda.org/

Венесуэлада маусым айында болған жойқын жер сілкіністерінен келген тікелей шығын 19,6 млрд долларды құрады. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің есебіне сілтеме жасаған, деп хабарлайды Malim.kz. Euronews дерегіне сүйеніп.
Есепке сәйкес, шығынның 47 пайызы тұрғын үй қорына тиесілі. Инфрақұрылымға келген залал 27 пайызды, ал тұрғын емес ғимараттардың шығыны 26 пайызды құраған. Ең көп зардап шеккен өңірлер – Ла-Гуайра штаты мен астаналық округі. Мамандар қалпына келтіру жұмыстары қосымша қаржыландырусыз жүргізілсе, оның он жылдан астам уақытқа созылуы мүмкін екенін ескертті.
Дүниежүзілік банк жедел қалпына келтіру мен мемлекеттік және жеке инвестицияларды арттыру апаттың экономикалық және әлеуметтік салдарын жеңілдетуге мүмкіндік береді деп санайды. Ең көп зардап шеккен жеті штатта шамамен 11,5 млн адам тұрады. Сондықтан қалпына келтіру кезеңінде халықты үздіксіз ауыз сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі ретінде аталды. 24 маусымда болған жер сілкіністері салдарынан қаза тапқандар саны 5,3 мыңнан асты.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары