Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін үш тәулік өткен соң құтқарушылар үйінді астынан 11 жастағы баланы аман алып шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Елдің уақытша президенті міндетін атқарушы Дельси Родригес жариялаған видеода каска мен арнайы қорғаныс киімін киген құтқарушылардың баланы үйінді үстінен түсіріп, зембілге жатқызып жатқаны көрсетілген. Құтқару жұмыстары түнгі уақытта прожекторлар мен шамдардың жарығымен жүргізілген.
«Жақында Карабальеде 11 жастағы бала тірі құтқарылды. Осы сәтте аман қалған әрбір адам – Венесуэла үшін үміт», – деді Дельси Родригес.
Бұған дейін Ла-Гуайра қаласында құтқарушылар Моисес есімді тағы бір 11 жастағы баланы үйінді астынан алып шыққан. Шамамен үш метр тереңдікте қалған балаға жету үшін алты сағат уақыт кеткен.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Венесуэладағы жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 1400-ден асты.