Malim.kz
Әлем

Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164 адамға жетті

Арман Қайыпхан
Фото: Leonardo Fernandez Viloria/REUTERS

Венесуэлада 24 маусым күні магнитудасы 7,2 және 7,5 балдық екі жер сілкінісі араға небәрі 39 секунд салып тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Мамандар бұл құбылысты «сейсмикалық дублет» деп атайды — бір аймақта қысқа уақыт ішінде екі күшті жер сілкінісінің қатар болуы.

Ең көп зардап шеккен өңір — Ла-Гуайра штаты. Соңғы сағаттарда 30-дан астам афтершок тіркелген.

АҚШ пен Еуропа елдері, соның ішінде Германия, Венесуэлаға гуманитарлық көмек жіберетінін мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары