Венесуэлада болған жойқын екі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920 адамға жетті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Тағы 3300-ден астам адам жарақат алған.
Ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штатында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құтқару жұмыстарын жеделдету үшін әскер бақылауды қолға алды.
Билік Ла-Гуайраға апаратын барлық жолды уақытша жауып, құтқару операцияларына қатысы жоқ адамдардың кіруіне шектеу қойды.