Malim.kz
Әлем

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4118 адамға жетті

Арман Қайыпхан
Фото: РИА Новости

Венесуэлада 24 маусым күні болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4118 адамға жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкіметтің күнделікті есебіне сәйкес, табиғи апат салдарынан 16 740 адам жарақат алған, ал 17 907 тұрғын баспанасыз қалған.

Сондай-ақ 190 ғимарат толық қирап, 856 нысанға елеулі зақым келген. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 6462 адам құтқарылды. Жалпы 29 966 адам ауруханалар мен медициналық мекемелерде ем қабылдаған.

Билік мәліметінше, зардап шеккен 86 794 отбасыға көмек көрсетіліп, оларға 9766 тонна азық-түлік жеткізілген.

Еске салайық, Венесуэлада 24 маусым күні кешке араға шамамен 40 секунд салып магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Яракуй штатында бір-бірінен шамамен 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Табиғи апаттан кейін 1171 афтершок тіркелген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары