Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Ол 6 наурыз күні Хошимин қаласында байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды Malim.kz. Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жоғалған қазақстандықтың әпкесінің үндеуі әлеуметтік желілерде жарияланды. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Ханой қаласына ұшып барып, Қазақстан консулымен кездесуді жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде қыз байланысқа шықпай қалған.
Туыстарының айтуынша, жоғалар алдында Әсем қатты қорқып жүрген. Ол өзін біреулер аңдып жүргенін айтқан.
Қыздың отбасы Вьетнамда немесе көрші елдерде жүрген адамдардан іздеуге көмектесуді сұрайды. Әсіресе WhatsApp (мессенджер) пен Telegram (мессенджер) желілеріндегі туристік және жергілікті қауымдастықтарға ақпарат таратуға көмек қажет екенін айтты.