Вьетнамның Фукуок аралы жағалауында туристер мінген қайық аударылып, салдарынан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайықта Үндістаннан келген 32 турист пен экипаждың төрт мүшесі болған. Оқиға кеме порттан шыққаннан кейін көп ұзамай болған. Қайықтың аударылуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Апаттан кейін 21 адам құтқарылды. Қаза тапқандардың арасында екі әйел мен 13 ер адам бар.
Оқиғаның мән-жайын жергілікті билік анықтап жатыр.