Malim.kz
Мәдениет

Халықаралық Көшпенділер мұрасы күні ресми түрде бекітілді

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясында Халықаралық Көшпенділер мұрасы күнін белгілеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық Көшпенділер мұрасы күні бекітілді. Мұндай шешім ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясында қабылданды. Қазақстан ЮНЕСКО қабылдаған қарардың тең авторы. Бұл — көшпенді халықтардың әлемдік мәдени мұраға қосқан елеулі үлесінің дәлелі. 
Аталған күн жыл сайын 22 қыркүйекте – күн мен түннің күзгі теңелуі кезінде аталып өтіледі. Бірегей бастама көшпенділердің дәстүрін сақтауға, адамзаттың ақыл-ой қазынасына қосқан даналығын дәріптеуге, мәдениет аралық диалогты күшейтуге ықпал етеді, - деп жазды ол.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары