Халықаралық қылмыстық сот (МҰҚС) Украинадағы соғыс қылмыстары үшін Ресей президенті Владимир Путин мен бес ресейлік азаматқа шығарылған тұтқындау ордерін АҚШ бастамасымен бейбіт келісім кезінде амнистия жарияланса да тоқтатпайды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы 5 желтоқсанда МҰҚС прокурорының орынбасарлары Нажат Шамим Хан (Фиджи) және Мам Мандиай Нианг (Сенегал) мәлімдеді.
Олар сот Рим статутына сәйкес жұмыс істейтінін, яғни саяси келісімдер ордерлердің күшін жоя алмайтынын ескертті. Ордерді тоқтату тек Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына байланысты мүмкін.
«Егер бейбіт келісім қабылданса және Қауіпсіздік Кеңесі тергеуді кейінге қалдыруды өтінсе — бұл саяси процесс. Бірақ соңында әділет іске асуына кедергі болмайды», — деді Нажат Шамим Хан.
Мам Мандиай Нианг атап өткендей, Қауіпсіздік Кеңесі шеңберіндегі мүмкіндіктерді есептемегенде, МҰҚС Рим статутын сақтау міндетінде, ол саяси келісімдерді есепке алмайды.