Қазақстанда халықты мазалайтын автодозвон мен спам-қоңырауларға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, қабылданбаған қоңыраулар туралы хабарлама енді тек SMS арқылы жіберілуі ықтимал. Ал автоматты қайта қоңырау шалу қызметі тек белгілі бір жағдайларда ғана қолданылмақ.
Министрлік байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізіп жатыр. Сонымен қатар заңсыз спам-қоңыраулар мен рұқсат етілмеген трафикке тосқауыл қоюға бағытталған түзетулер де қарастырылуда.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл бастама халықты мазалайтын заңсыз қоңырауларды азайтуға мүмкіндік беретінін айтты.