Иран, Ирак және Пәкістан қалаларында аятолла Али Хаменеинің қазасына байланысты аза тұту митингілері өтті, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Мыңдаған адам қара киім киіп, оның құрметіне жиналып, қолдарына Иран туы мен Хаменеи суреттерін ұстады.
Ел астанасы Тегеранда жұртшылық орталық алаңға жиналып, ұрандар айтып, марқұмды еске алды. Сонымен қатар, Мешхед қаласындағы имам Реза кесенесі маңында да аза шарасы өтті.
Бағдадта жүздеген адам, негізінен шииттер, АҚШ елшілігі орналасқан ауданға қарай шерулетіп, қауіпсіздік күштерімен қақтығысқа түсті. Тәртіп сақшылары шерушілерді тарқату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды. Ирак билігі Хаменеи қазасына байланысты үш күндік аза тұту жариялады.
Лахорда да шиит қауымы аятолланы еске алу акциясын өткізді. Ал шетелде жұмыс істейтін ирандық оппозициялық БАҚ ел ішінде кейбір тұрғындардың АҚШ пен Израиль соққыларын қолдағанын хабарлағанымен, мұндай әрекеттердің ауқымын нақты бағалау мүмкін емес.