Испанияның Тенерифе аралына бортында хантавирус таралған MV Hondius круиздік лайнері келді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Кемеде шамамен 150 адам болған. Ауру өршуі салдарынан үш адам қаза тапқан.
Жексенбі күні таңертең лайнер Гранадилья-де-Абона портына Испанияның Guardia Civil жандармериясы кемесінің бақылауымен жетті. Жергілікті биліктің талабы бойынша кеме портқа кіргізілмей, жағалауға жақын жерде якорьге тоқтатылған.
Таңғы сағат 8:00-ден бастап жолаушылар мен экипаждың бір бөлігі катерлер арқылы жағаға жеткізіліп, кейін арнайы рейстермен өз елдеріне жіберіле бастады. Борттағы адамдардың басым бөлігі — Еуроодақ елдерінің, Ұлыбритания мен АҚШ-тың азаматтары. Олардың арасында бірнеше Германия азаматы да бар.
Экипаждың бір бөлігі кемеде қалып, кейін лайнермен бірге Нидерландыға аттанады. Кеменің иесі — нидерландтық Oceanwide Expeditions компаниясы.
Бұған дейін хантавирус анықталған MV Hondius круиздік лайнері Тенерифе аралына жақындағанын жазған едік.