Malim.kz
Әлем

Харьковқа жасалған соққыдан қаза тапқандар саны тағы да артып келеді

Арман Қайыпхан
яФото: Sofia Gatilova/REUTER

Зымыран соққысы салдарынан қираған тұрғын үйдің қирандылары астынан тағы бір адамның мәйітінің қалдықтары табылды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Харьков қаласының әкімі Игорь Терехов хабарлады. Осылайша қаза тапқандар саны төрт адамға жетті. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, соққы екі «Искандер» зымыранымен жасалған. Кемінде 27 ғимарат зақымданып, бес қабатты тұрғын үй қатты қираған. Кемінде 30 адамның жарақат алғаны хабарланған. Бұған дейін үйінді астынан баланың денесі мен бір әйелдің мәйіті табылған еді.

Ал Ресейдің Қорғаныч министрлігі Харьков қаласының аумағына 2 қаңтарда соққы жасалмағанын мәлімдеп, оқиғаны сауда орталығындағы оқ-дәрілердің жарылуымен байланыстырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары