Malim.kz
Қоғам

“Яндекс.Таксидегі“ баға өзгеруі мүмкін

Сұлу Бөлек

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс Такси" компаниясының баға қою тиімділігіне аудит жүргізді. Аудиттен өту міндеті "Яндекс Таксиге" монополияға қарсы комплаенс аясында жүктелген, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Аудиттің мақсаты қандай?

Аудиттің мақсаты — Яндекс Сервисін, оның ішінде такси қызметтерінің бағасына әсер ететін шарттар мен параметрлерді зерделеу болды.

Атап айтқанда, жүйенің архитектурасы, баға қалыптастырудың базалық және динамикалық компоненттері зерттелді, сонымен бірге әуежай аймақтары мен қаланың орталығынан алыс аудандардағы ерекшеліктер, сондай-ақ операциялық процестер қарастырылды.

Аудиттің бастапқы қорытындылары бойынша баға белгілеу жүйесінде бірқатар тәуекел анықталды. Кейбір тәуекелдер жойылды, ал қалғандары бойынша Яндекс оларды жою жөнінде міндеттемелер қабылдады.

Осылайша, Агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының ережелері (Яндекс+ бағдарламасы) өзгертілді, нәтижесінде Яндекс осы бағдарлама бойынша барлық шығындарды (клиенттерге ұсынылатын жеңілдіктерді) толық өз мойнына алды.

Қандай өзгерістер енгізілді?

Яндекс қолданыстағы комплаенс жүйесіне мынадай өзгерістер енгізді:

Бұдан бөлек, Яндекс Такси пайдаланушыларды такси қызметтеріне сұраныс деңгейі туралы хабардар ету шараларын жақсартпақ. Атап айтқанда, "Эконом" тарифінде сұраныс өте жоғары болған кезде (мысалы, ауа райының қолайсыздығы кезінде) сынақ режимінде виртуал кезек жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе арқылы пайдаланушы қанша адамның такси күтіп тұрғанын көре алады және таңдау жасай алады: кезекке тұру, басқа тарифті таңдау немесе қоғамдық көлікпен жүру.

Яндекс Такси антимонополиялық комплаенс аясындағы міндеттемелерінің орындалуы Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың бақылауында. Оның құрамына кәсіби қауымдастықтардың сарапшылары (бастамашыл топтардың, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет, Цифрлық даму және инновациялар министрліктерінің, сондай-ақ таксопарктер қауымдастығының өкілдері) кіреді.

Үкіметке жеке кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимі бойынша салықтық есептілікті жеңілдетуге қатысты заңнамалық түзетулерді жедел енгізу жөнінде ұсыныстар жолданды. Бұл өзгерістер такси жүргізушілерінің табысын арттыруға ықпал етеді.

Фото: pixabay.com 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары