Malim.kz
Қоғам

Жайық өзенінде су деңгейі көтерілді

Айбын Атабай
Ғайсағали Сейтақ

Трансшекаралық Жайық өзеніндегі су деңгейі кейінгі тәулікте барлық гидробекетте көтерілгені байқалады.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, 1 сәуір күнгі таңдағы ақпаратқа сәйкес Жайықтағы су деңгейі Ресейдің Орынбор қаласы тұсында 469 сантиметрге (+70, қауіпті шегі – 930 см) жетті.

Сондай-ақ Електегі гидробекетте 397 сантиметрді (+45, 890 см) көрсетті. Жайықтың саласы Сақмар өзені Орынбор облысы Қарғалы тұсында 406 см (+12, 870 см) болды.

Қазіргі уақытта Орынбордағы Иреклі қоймасынан Жайыққа секундына 60 текше метр су жіберіліп жатыр.

Жайық өзені Батыс Қазақстан облысы аумағында да көтерілу үстінде. Атап айтқанда, Бөрлі ауданы Жарсуаттағы гидробекетте 397 (+38, қауіпті шегі – 1 мың см), Бәйтерек ауданы Январцевте 321 (+32, 1 мың см), Орал қаласында 273 (+19, 850 см), Көшімде 294 (+8) сантиметр болды. Оған қоса Ақжайық ауданы Мерген ауылы тұсында (430 см, +37), Тайпақта (145 см, +28) су ағысы бәсеңдеген жоқ.

Жайықтың тағы бір саласы Шаған өзенінің Бәйтерек ауданы Чувашин ауылы тұсында қарқыны жоғары (+41, 919 см).

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары