Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің жүрегін тебіренткен бейнежазбамен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Әнші марқұм жары, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туған жері — Кеген ауылындағы ескерткішіне барып, гүл шоғын қойды.
"Кегендегі мектепке Зәкеңнің есімі беріліпті. Мектептің бір бөлмесінде арнайы мұражай ашыпты. Сол мұражайға Зәкеңнің біраз дүниесін тапсырып кеттім. Кеген әкімшілігіне шын жүректен алғыс айтамын!" – деп жазды Мақпал Жүнісова жазбасында.
Желі қолданушылары әншінің бұл игі қадамын ерекше жылы қабылдап, алғыстарын жаудырды.
"Алла разы болсын, Мақпал апай! Кеген халқы сізді ерекше құрметтейді", "Игілікті іс. Сіз керемет жансыз, аман болыңыз", "Зәкеңдей ұлы тұлғаға арналған ескерткіш – мәңгілік естелік болсын!" – деген пікірлер жазылды.