Malim.kz
Оқиға

Жамбыл облысында екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Жамбыл облысының Қордай ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның хабарлауынша, Lexus маркалы автокөліктің жүргізушісі жол жиегіндегі қоршауға соғылып, көлік аударылып кеткен. Кейін көлік жолдың жүріс бөлігінде тоқтап қалған.

Осы кезде тас жолмен келе жатқан Tank 500 көлігінің жүргізушісі дер кезінде тоқтай алмай, жолда тұрған Lexus көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Lexus жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал көлікте болған кәмелетке толмаған жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары