Malim.kz
Қоғам

Жамбыл облысында сауда орталығы өртенді

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Меркі ауылында кафенің ас үйінен шыққан өрт екі қабатты сауда орталығының шатырына тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнына жоғарылатылған шақыру дәрежесі бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері, «Ауыл құтқарушылары» еріктілері, полиция қызметкерлері және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері жедел жұмылдырылды.

ТЖМ қызметкерлері мен еріктілердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт қысқа мерзім ішінде толық сөндірілді.

Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенге дейін сауда орталығынан 20 адам өздігінен эвакуацияланған. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары