ТЖМ құтқарушылары жоғалған ер адамды жедел түрде тапты, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгін түнде Жамбыл облысы Шу ауданы Тасөткел су қоймасында ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оның танысының айтуынша, ол мас күйінде қайықпен жүзіп кетіп, қайта оралмаған.
Оқиға орнына ТЖМ күштері шұғыл аттанды.
Құтқарушылар арнайы техника мен жүзу құралдарын пайдалана отырып, іздестіру жұмыстарын жедел жүргізді. Нәтижесінде ер адам су қоймасының жағасынан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады.
Фото: ТЖМ