Malim.kz
Қоғам

Жамбыл облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Мәди Саматұлы

Жамбыл облысындағы күрежолда болған жол апатынан 5 адам қаза тауып, сонша адам апатқа ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстың полиция департаментінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға Батыс Еуропа – Батыс Қытай күрежолынның Жуалы ауданындағы бөлігінде болған.

Бірнеше көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша 5 адам қаза тауып, тағы 5 адам ауруханаға жатқызылды, қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында, деп жазылған ресми хабарламада.

Полиция зардап шеккен көліктердің нақты санын жарияламады.

Фото: бейнежазбадан скриншот

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары