Malim.kz
Қоғам

Жамбылда 12 оқушыны улаған кәсіпкер сотталды

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын бұзу фактісі бойынша жеке кәсіпкерге қатысты істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылдың қараша айында Байзақ ауданындағы дүкенінен тамақ сатып алып жеген 12 оқушы уланып, ауруханаға түскен.

Жоспардан тыс тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тамақ өнімдерінің сынамаларында ішек таяқшалары тобының бактерияларын анықтады, бұл өнімді дайындау кезінде санитарлық нормалардың бұзылғанын дәлелдейді.

Сот қаулысымен кәсіпкер ЖК ӘҚБтК 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған соманы 30% қысқарта отырып, 1,2 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл тағайындалды.

Бұған дейін Павлодардағы мейрамханада той кезінде адамдар уланып қалған еді. 

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары