Malim.kz
Қоғам

Жамбылда әткеншекке кішкентай қыздың басы қысылып қалды

• Сабина Асқарқызы

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында құтқарушылар кішкентай қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы 17 мамырда 17:11-де Жаңатас қаласы 3 мөлтек ауданындағы үйлердің бірінде балалар ойнайтын алаңда жасөспірімнің әткеншекке басын қысып алғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына ТЖД-ның 5 қызметкері, оның ішінде Жаңатас қаласының өртсөндірушілері мен құтқарушылары шықты. Олар қызды темір құрсаудан шығарды. Жарақат алмағандықтан қызға медициналық көмек қажет болмады, - делінген ТЖД хабарламасында.

Фото: ТЖД

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары