Malim.kz
Қоғам

Жамбылда есірткі бизнесін ұйымдастырған 60 жастағы ер адам сотталды

Арман Қайыпхан
Фото: ІІМ

Жамбылда есірткі бизнесін ұйымдастырған 60 жастағы ер адам сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция қызметкерлері 2025 жылы Тараз және Алматы қалаларында есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған ауқымды арнайы операция жүргізді.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері кешені нәтижесінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен аса ірі мөлшерде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз сақтап, өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, жолы кесілді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары