Malim.kz
Қоғам

Жаңа туған нәресте ТЖМ тікұшағымен аман-есен құтқарылды

Арман Қайыпхан

ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені Жәйрем кентінен Жезқазған қаласына тасымалдады, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, Ұлытау облысы, Қаражал қаласының Жәйрем кентінен Жезқазған қаласына жаңа туған нәрестені шұғыл тасымалдады.

Нәрестеге жедел медициналық көмек қажет болғандықтан, уақытты жоғалтпай әрекет ету маңызды болды. Экипаж бен дәрігерлердің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде тасымалдау сәтті өтіп, сәби перинаталдық орталыққа аман жеткізілді.
Фото: видеодан скрин

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары