Malim.kz
Қоғам

Жаңа туған нәресте ұшақпен шұғыл түрде Қызылордаға жеткізілді

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Төретам кентінен жаңа туған нәрестені облыс орталығына шұғыл жеткізу қажет болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Уақтылы медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ тікұшағы жұмылдырылып, экипаж қысқа уақыт ішінде ауданға ұшып шықты.
Сәби дәрігерлердің сүйемелдеуімен Қызылордаға аман-есен жеткізілді. Қазіргі уақытта нәресте мамандардың бақылауында.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары