ҚР ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы санавиация дәрігерлерімен бірге жаңа туған нәрестені Жаркент қаласынан Талдықорғандағы медициналық мекемеге шұғыл түрде тасымалдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұшқыштар сәбиді барынша ұқыпты әрі жедел жеткізіп, оны қала орталығына аман-есен табыстады.
Экипаждың үйлесімді әрекеті, әуе кемесінің техникалық дайындығы және дәрігерлердің жоғары кәсібилігі нәтижесінде бала дер кезінде медициналық көмекке жеткізілді.