Malim.kz
Қоғам

Жаңа жыл түні ең көп сәби дүниеге келген өңірлер қандай

Айбын Атабай
ҚР Дсм

Қазақстанда Жаңа жыл түнінде 254 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, туған нәрестелердің саны, жынысы бойынша ұлдар мен қыздар бірдей. Олардың ішінде Ақтөбе облысында бір егіз дүниеге келді. 

Дәстүрлі түрде ең көп нәресте дүниеге келген өңірлер мынадай: 

Түркістан облысы — 29 бала,
Шымкент қаласы — 24,
Астана — 22 және Алматы қаласы — 21.
Денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде экстрагениталдық патологияларды анықтау, жоспарланған жүктілікке дейін зерттеп-қараулар мен сауықтыру мақсатында профилактикалық қарап-тексерулер мен прегравидарлық дайындық жүргізіп жатыр.

— 2025 жылдың қорытындысы бойынша прегравидарлық дайындықпен қамту 11%-ға артып, әйелдердің 46,5%-ын құрады. Жүктіліктің 10 аптасына дейін ерте есепке тұрған жүкті әйелдердің саны 25%-ға өсті. Бұл әрбір болашақ анаға жеке мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге, сапалы антенаталдық күтім көрсетуге, қауіпсіз босануға және босанғаннан кейінгі бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары