Malim.kz
Экология

"Жаңбыр, бұршақ, аптап ыстық". 26 маусымға арналған ауа райы болжамы

Арман Қайыпхан

Қазақстанда 2025 жылғы 26 маусымда бұршақ аралас жаңбырдан бастап өте қатты ыстықты қамтитын ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша бейсенбі күні түстен кейін қатты ыстық болады деп болжанады:

Мына өңірлерде күндіз сынап бағанасы +42°C-ге дейін көтеріледі:

"Республикамыздың басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Республикамыз бойынша жел екпін алып, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады", – деп болжануда.

Фото: pixabay

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары