Malim.kz
Қоғам

Заңсыз құрылыс: 300 отбасы 4 млрд теңге зиян шекті

Malim Админ

Астана қаласының Полиция департаменті «Жаңа Арқа» ТҮҚ салымшыларының арыздары бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


Тергеу барысында жосықсыз құрылыс салушы тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды.

Қалалық прокуратура мәліметінше, құрылыс салушының қылмыстық әрекеті нәтижесінде 300-ден астам отбасының мүддесіне 4 млрд теңге көлемінде аса ірі көлемде материалдық залал келтірілген.

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен тергеу органы кінәлі адамды ұстап, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша барлық қажетті сараптама тағайындалды.

Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырды. Бұл алаяқтықтан сақтануға және құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.

Бұған дейін Астанада мердігер тұрғын үй салуға бөлінген миллиардтаған бюджет қаражатын жымқырғанын жазған болатынбыз.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Malim Админ
Автордың басқа материалдары