Жапонияның Хонсю аралы жағалауында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Malim.kz Gismeteo-ға сілтеме жасап.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Тиба префектурасындағы Татеяма елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 148 шақырым жерде орналасқан.
Жерасты дүмпулерінің ошағы 61,7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі 21 тамызда сағат 12:02-де (GMT) тіркелді. Жапонияның Метеорологиялық агенттігі оқиғаның магнитудасын 5,5 деп бағалаған.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.