Malim.kz
Әлем

Жапонияда қалың қар мен суықтан қаза тапқандар саны 46 адамға жетті

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Жапонияның солтүстік және батыс аймақтарында қаңтардың ортасынан бері қалың қар жауып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Кейбір жерлерде қар қалыңдығы бірнеше метрге дейін жетіп, тұрғындар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірді.

Қар мен суық ауа райының салдарынан елде 46 адам қаза тауып, 500-ден астам адам жарақат алды.

Жолдар жабылып, теміржол және әуежай қызметінде қиындықтар туындады.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстігінде жауған қалың қардың салдарынан адам шығыны орын алуына байланысты елдің Премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары