Malim.kz
Әлем

Жапонияда жойқын тайфун: жүздеген рейс тоқтатылды

Айгүл Таңатар
BBC

Жапония билігі «Дельфин» тайфунының жақындауына байланысты бірнеше өңірде тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Дауылдың салдарынан елдің әуе компаниялары 500-ден астам рейсті тоқтатты, ал теміржол қатынасының бір бөлігі шектелді.

Метеорологтардың болжамынша, тайфун қатты жел, нөсер жаңбыр және теңіз жағалауында биік толқындар туғызуы мүмкін. Билік халықты қауіпсіз жерлерге көшуге және төтенше жағдай қызметтерінің ескертуін орындауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz жергілікті БАҚ мәліметі бойынша.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары