Malim.kz
Қоғам

"Жақсылап ойлануы керек": Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің "жаңа қалыңдығы" туралы сөз қозғады (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Ашық дереккөзден. Суретте: Баян Алагөзова

Желіде қазақстандық кәсіпкер Бақытбек Есентаев өзінен 20 жас кіші әйелге үйленді деген ақпарат тараған болатын. Бұл мәселеге қатысты танымал продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy YouTube арнасына берген сұхбатында пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Продюсердің айтуынша, қыздары Айсәуле мен Айару әкелерімен жақсы қарым-қатынаста және ол ешқашан олардың араласуына кедергі келтірмеген. Ол баланы әкесінен алыстату – үлкен қателік екенін атап өтті.

"Керісінше, әрдайым "Әкелеріңді сыйлаңдар, құрметтеңдер, ол – сендердің әкелерің" деп айтып отырамын", – деді Баян Алагөзова.

Баян Алагөзова әлеуметтік желіде тараған ақпаратты көргенін де жасырмады.

"Қызым бұл ақпаратты көрген соң маған хабарласып "Мама, көрдің бе?" деп сұрады. Мен "Иә, көрдім, қазір біреуден біреуге тарайтын дүниелер көп қой" деп жауап бердім", – деді продюсер.

Кейін қызы әкесіне хабарласып, жағдайдың анық-қанығын сұраған. Бақытбек Есентаев бұл қауесетті жоққа шығарып, тараған суреттің бірнеше жыл бұрын бір тойда түсірілгенін айтқан. Оның сөзінше, жанындағы әйелмен түскен фото кездейсоқ түсірілген.

Продюсер егер бұрынғы күйеуі шын мәнінде үйленіп, бақытты болса, оған қарсы емес екенін білдірді.

"Мен ешкімге ақыл айтқым келмейді. Себебі біреуге ол дұрыс көрінсе, енді біреуге "Өзіңе қара" дегендей әсер қалдыруы мүмкін. Сондықтан әр адам өз өмірінде таңдауын өзі жасайды. Бірақ сол таңдауды жасамас бұрын, оның болашаққа қалай әсер ететінін жақсылып ойлануы керек. Өйткені бәріміздің тілегіміз бір – сүйікті болып, бақытты өмір сүру", – деді Баян Алагөзова.

Еске салайық, Баян Алагөзова мен Бақытбек Есентаев 20 жылдан астам уақыт бірге өмір сүрген. 2016 жылы болған қайғылы оқиғада кәсіпкер жұбайына шабуыл жасап, ауыр жарақат келтірген. Сол жылы сот үкімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда 2022 жылы жазасының бір бөлігін өтеп, жәбірленуші тараптың келісімімен мерзімінен бұрын босап шықты.

Бұған дейін Баян Алагөзова кейбір жұлдыздардың өз сенімін көпшілікке жариялағанымен, кейін ислам талаптарына сай өмір сүрмейтінін айтқан еді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары