Malim.kz
Қоғам

Жарақат алған ер адам Өскеменге тікұшақпен жеткізілді

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы санитарлық авиация қызметімен бірлесіп, жарақат алған ер адамды Алтай қаласынан Өскеменге жедел жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Арнайы рейске «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Сергей Пинигин, Олег Алфеев және Айдар Мамырханов, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері Рустем Мұқажанов пен Антон Волков қатысты.

ТЖМ мәліметінше, ұшу штаттық режимде өтіп, ешқандай асқыну тіркелмеген. Науқас облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің қарауына тапсырылды.

Санитарлық авиация рейстері төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық көмек көрсетудің маңызды бөлігі саналады. Мұндай операцияларда уақыт шешуші рөл атқарады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары