HONOR компаниясы 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Omdia аналитикалық компаниясының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша HONOR алғаш рет Таяу Шығыстағы екінші ірі смартфон өндірушісі атанып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73%-дық өсім көрсетті.
Өсімнің негізгі драйверлерінің бірі орта-премиум сегментінің дамуы болды. Орта баға сегментіндегі смартфондар санатында HONOR сатылым көлемін 130%-ға арттырып, нарықтың 24%-ын иеленді. Сонымен қатар Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде де брендтің жаһандық өсімі жалғасуда. Компания өз нәтижелерімен Астанада өткен Tech Club HONOR x WE Project алаңында бөлісті.
Tech Club HONOR x WE Project — жасанды интеллекттің медиаиндустрияға, контент жасауға және пайдаланушылардың күнделікті өміріне әсеріне арналған пікірталас алаңы. Журналистер, блогерлер және медиа қауымдастық өкілдері HONOR 600 сериясындағы жаңа AI-мүмкіндіктермен танысып, жасанды интеллект технологияларының цифрлық ортаны қалай өзгертіп жатқанын талқылады.
Еуропада HONOR ірі нарық ойыншылары арасындағы ең жылдам дамып келе жатқан өндіруші атанып, жеткізілім көлемін жылдық есепте 60%-дан астамға арттырды. Африкада өсім 101%-ды құраса, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде нарықтың жалпы төмендеуіне қарамастан 28%-дық өсім тіркелді. Ал Латын Америкасында бренд өз позициясын нығайтып, 30%-дық өсім көрсетті.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуде HONOR компаниясының жасанды интеллект саласындағы стратегиясы маңызды рөл атқарды. Бүгінде AI смартфондағы жеке функция емес, пайдаланушыларға контент жасауға, тиімдірек жұмыс істеуге және технологиялармен өзара әрекеттесудің жаңа тәжірибесін алуға көмектесетін толыққанды мүмкіндіктер экожүйесіне айналуда.
Дәл осы мүмкіндіктер Астанада өткен Tech Club қатысушыларына жаңа HONOR 600 сериясының мысалында таныстырылды. Смартфондар суреттерден видео генерациялау, фотосуреттерді интеллектуалды өңдеу, шығармашылыққа арналған AI-құралдар және Gemini интеграциясы секілді бірқатар инновациялық AI функцияларына ие болды.
Жаңа HONOR 600 сериясы әлемдік нарықтарда сенімді динамика көрсетіп келеді. Компания мәліметінше, құрылғылар қолжетімді флагмандар сегментінде сатылымның екі таңбалы өсімін көрсетіп, жетекші өндірушілердің флагмандық модельдерімен табысты бәсекелесуде. Қазақстанда HONOR 600 сериясындағы смартфондар сатылымның алғашқы аптасының қорытындысы бойынша хитке айналды.
Алдағы уақытта HONOR премиум бағытты дамытуды және өз құрылғыларының AI-мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырып, озық технологияларды әлем бойынша барған сайын көбірек пайдаланушылар үшін қолжетімді етуді жоспарлап отыр.
HONOR бренді туралы
2013 жылы негізі қаланған HONOR интеллектуалды құрылғылардың жетекші әлемдік жеткізушілерінің бірі болып табылады. Компания инновациялар, сапа және сервиске стратегиялық басымдық бере отырып, адамдарға үйреншікті мүмкіндіктер шеңберінен шығуға және жаңа интеллектуалды әлем құруға көмектесетін технологияларды дамытады.
Толығырақ ақпарат: HONOR Kazakhstan.