Malim.kz
Қоғам

Жастар отбасын құруға асығар емес: Елімізде неке саны күрт кеміді

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

, деп хабарлайды Malim.kz.

Елімізде соңғы онжылдықта шаңырақ көтерушілер қатары айтарлықтай сиреген

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2015 жылы елімізде 148,8 мың неке қиылса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 116 мыңға дейін құлдыраған.

Қазақстанда неке қию көрсеткіші соңғы 10 жылда 22%-ға азайды. Егер 2015 жылы 148,8 мың жұп заңды некеге тұрса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 116 мыңнан аспаған.

Статистика бойынша, 1000 тұрғынға шаққандағы некелесу коэффициенті 8,48-ден 5,69-ға дейін құлдыраған.

Аймақтар бойынша бас қала — Астана неке қиюдан көш бастап тұр. Ал Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында шаңырақ көтергендер саны ең төменгі деңгейді көрсетті.

Сарапшылар бұл үрдістің басты себептері ретінде жастардың мансап пен білімге көбірек мән беріп, кеш үйленуін, урбанизация мен демографиялық өзгерістерді атап өтуде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары