Malim.kz
Қоғам

«Жастар практикасы»: 2026 жылы сұранысқа ие мамандықтар аталды

Ереке Базарқұл
ФОТО: ©turkystan.kz

2026 жылы «Жастар практикасы» аясында 25 мың жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жұмыссыз түлектер қатысып, мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе жинай алады. Ақпан-наурыз айларының қорытындысы бойынша жоба арқылы 423 адам жұмысқа орналасты.

Ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында мейіргер (124), заңгер (66) және шет тілі мұғалімі (57) бар. Қатысушылардың республика бойынша орташа жалақысы 129,7 мың теңгені құрайды. Әр жас маманға кәсіби дағдыларды үйрететін тәлімгер бекітіледі. Бағдарламаға қатысу үшін Мансап орталығына өтініш беру қажет. Қаржыландыруды Еңбек мобильділігі орталығы жүзеге асырады.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары