Malim.kz
Қоғам

Зейнетақы жинақтарына қатысты жаңа өзгерістер енгізіледі

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

2027 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік күшінде қалады, алайда өтемақы төлеу тетігі жаңартылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өзгеріс жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге және азаматтардың зейнетақы активтерін басқару мүмкіндігін кеңейтуге байланысты енгізіліп отыр.

Қазіргі таңда салымшылар зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 50%-дан аспайтын.

Министрлік азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік бұрынғыдай толық көлемде сақталатынын атап өтті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары