Malim.kz
Қоғам

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» мәліметінше, 7 желтоқсанда елдің көптеген өңірінде ауа райы қолайсыз болып, тұман, көктайғақ, кей аймақтарда қар мен боран болуы ықтимал, деп хабарлайды Malim.kz.

Батыс өңірлер:

Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ болжанған. Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.

Солтүстік және орталық:

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында қар, боран, тұман және көктайғақ болады. Астана, Көкшетау, Қарағанды мен Петропавлда көктайғақ күтіледі.

Шығыс:

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар, төмен боран, тұман және көктайғақ болжанған. Өскемен мен Семейде көктайғақ болады.

Оңтүстік:

Қызылорда, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Тараз, Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Жолда сақтық шараларын ескерген жөн.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары